«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Жылымды отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет

2022 жылғы «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мемлекеттік қызметтер  көрсету  саласындағы қызмет туралы есеп.

 

1. Қызмет көрсетушілер туралы ақпарат

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Заңды мекенжайы:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Жылымды ауылы, Мектеп  көшесі, 20 үй.

Байланыс телефоны 8(716-32) 51-6-55.

Бөлім басшысының қабылдауы дүйсенбі күні сағат 14-30-дан 18-30-ға дейін, жұмыс күні 9-00-ден 18-30-ға дейін, 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліс беріледі, демалыс және мерекелік күндерінен тыс.

2. Жалпы ережелер

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Жылымды ауылының негізгі орта мектебі»  КММ - інде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

3. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру;

4. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру;

5. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;

6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;

Электрондық нұсқада-3;

Қағаз нұсқасында-0;

Негізгі және орта білімді бітіргені туралы телнұсқалар берілді: 0;

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.

Негізгі және жалпы орта білім беруді бітіргені туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

4. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша "Жылымды ауылының негізгі орта мектебі" КММ сайтынан алуға болады

http://sc0042.zerenda.aqmoedu.kz/ Мемлекеттік қызмет көрсететін осы ұйымның сайтында Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік органның қызметі туралы есеп жария талқылау үшін Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша "Жылымды ауылынің негізгі орта мектебі" КММ веб-порталының сайтында, Жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын арттыру мақсатында жыл ішінде мемлекеттік орган қызметкерлері халыққа сұранысқа ие қызметтер көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізді;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мектепке дейінгі, орта білім берудің барлық ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz. жүйеде 3 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады;

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді;

6.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді 3 қызметкер көрсетеді;

7. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

8. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары:

2023 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Жылымды ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Регламент стандартқа және нақты процеске толық сәйкес жүргізілді.

 

 

«Жылымды НОМ» КММ директорының м.а:                                    А.М. Есжанова

Орындаушы:               

Белгибаева Д.С.
тел:   8(716-32) 51-6-55

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 17.03.2019 23:03
Құрылған күні: 23.02.2023 14:00

Текст