Текст
27.11.2024
«Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» КММ 25 қараша күні «Тілім- менің тірегім!» атты қазақ тілі мен әдебиет апталығының ашылуы өтті. Іc-шара жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру; ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу; мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру; тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу мақсатында өткізілді. Ашылу салтанатында «Мақал-сөздің мәйегі», «Бәйге» (сұрақ-жауап) сайыстары өткізілді. Мектеп оқушылары белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді жалғастырып, мағыналарын ашты.
27.11.2024
"Алтын сақа" Республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде Жылымды ауылының негізгі орта мектебінің 3 сынып оқушылары Саду Самира мен Тілектес Абдулахат І дәрежелі дипломмен марапатталды
22.11.2024
Консультациялық пункт
Жылымды ауылының негізгі орта мектебінің жанындағы "Қуаныш" шағын орталығында "Консультациялық пункт" жұмыс жасайды
14.11.2024
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында"сөздің сиқырлы күші" орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті
08.11.2024
7-11 қазан аралығында Жылымды ауылының негізгі орта мектебінде "Ұлы Дала тарихы-мәңгілік Қазақстан" Тарих апталығының жабылу салтанаты өтті.
08.11.2024
Бастауыш сыныптарда "Ғажайып математика" апталығының жабылу салтанаты өтті
05.11.2024
Жылымды ауылының негізгі орта мектебінде, "Қуаныш" шағын орталығында ойын сабағы ұйымдастырылды
04.11.2024
«Ұлы дала тарихы-мәңгілік Қазақстан» Тарих апталығы ашылу салтанаты
04.11.2024
Бастауыш әдістеме бірлестігі арасында "Ғажайып математика" атты математика апталығының ашылуы
24.10.2024
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін. Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін. Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз!