«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Жылымды отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» КММ 28 ақпан күні «Санның құпиясы,кодтың сыры» атты математика,физика,информатика апталығының жабылу өтті. Іc-шара ғылымның үш маңызды саласы: математика, физика және информатика арқылы бізді қоршаған әлемді тереңірек түсініп, жаңа мүмкіндіктерге қадам басу мақсатында өткізілді. Жабылу салтанатында «Эстафета» (сұрақ-жауап), «Жұмбақты шеш» сайысы өткізілді. Мектеп оқушылары белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешті.Оқушыларды апталық бойынша қорытынды айтылып, мадақтамалар мен сыйлықтар таратылды. Қорытынды бойынша: Математика күні «Миллион кімге бұйырады?» 5-9 сыныптар арасында өткен интелектуалды ойын жарысында 1-орын иегерлері «Гаусс» тобы,2-орын иегерлері « Пифагор» тобы, 3-орын иегерлері «Эйлер» тобы марапатталды. Физика күні «Физика әлемінде» атты 7-9 сыныптар арасында өткен жарыста 1-орын иегерлері «Архимед» тобы,2-орын иегерлері «Ньютон» тобы марапатталды, Информатика күні «Менің алғашқы роботым» атты 5-9 сыныптар арасында өткен робот жасау сайысында, марапатталды. Мектептің инстаграм парақшасына жүктелді.

13.03.2025
Просмотров: 69


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст