09.12.2025
«Балалар кітапханасы» жобасының жоспарына сәйкес жазушы, ЕДС ардагері, Совет Одағының Батыры, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай 5-9 сыныптар арасында кітап көрмесі мен ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты:
• Оқушыларға Бауыржан Момышұлының ерлік жолы, өмірбаяны, шығармашылығы туралы терең мағлұмат беру;
• Ұлт қаһарманының Отанға деген сүйіспеншілігі мен ерлігін үлгі ете отырып, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу;
• Батырдың шығармаларын насихаттау, кітап оқуға қызығушылықты арттыру;
• Жас ұрпақтың тарихи санасын, ұлттық намысын қалыптастыру.