09.02.2026
«Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» КММ 9 ақпан күні «Логика.Энергия.Код-Үш ғылымның бірлігі» атты математика,физика,информатика апталығының ашылуы өтті. Іc-шара ғылымның үш маңызды саласы: математика, физика және информатика арқылы бізді қоршаған әлемді тереңірек түсініп, жаңа мүмкіндіктерге қадам басу мақсатында өткізілді. Ашылу салтанатында «Пойыз станциясы» (сұрақ-жауап) сайысы өткізілді. Мектеп оқушылары белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешіп,мағыналарын ашты. Оқушыларды алда болатын іс-шаралармен таныстырып өтті. Олар: Математика күні Кальмар ойыны желісіндегі «Logic Quest» 5-9 сыныптар арасында өтетін интелектуалды ойын жарысы, Информатика күні «Информатика- жасанды интеллект көзімен» атты 2-9 сыныптар арасында өтетін жасанды интеллект арқылы видеолар жасау сайысы, Физика күні «Физика әлемі сабақ барысында» атты 8 сыныпқа ашық сабақ, Қорытынды және марапаттау «Ақыл мен ғылымды мерекелеу» атты апталығының жабылу салтанаты. Мектептің инстаграм парақшасына жүктелді.