13.02.2026
«Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» КММ 13-ақпан күні «Логика.Энергия.Код-Үш ғылымның бірлігі» атты математика,физика,информатика апталығының жабылу салтанаты өтті. Іc-шара ғылымның үш маңызды саласы: математика, физика және информатика арқылы бізді қоршаған әлемді тереңірек түсініп, жаңа мүмкіндіктерге қадам басу мақсатында өткізілді. Жабылу салтанатында «Тәттіні алғын келсе жұмбақты шеш!» (жұмбақ), «Шарды жар да,сұраққа жауап бер» ойыны (сұрақ-жауап) өткізілді. Мектеп оқушылары белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақты шешті.Оқушыларды апталық бойынша қорытынды айтылып, мадақтамалар мен сыйлықтар таратылды. Қорытынды бойынша: Математика күні Кальмар ойыны желісіндегі «Logic Quest» интеллектуалды ойын 5-9 сыныптар арасында өткен интелектуалды ойын жарысында 1-орын иегерлері «Шеңбер» тобы,2-орын иегерлері «Үшбұрыш» тобы, 3-орын иегерлері «Шаршы» тобы марапатталды. Физика күні «Физика әлемі сабақ барысында» атты ашық сабақ 8-сынып оқушылар арасында өтті әрі сабаққа белсенді қатысқандары үшін марапатталды, Информатика күні «Информатика- жасанды интеллект көзімен» жасанды интеллект арқылы фото-видеолар жасау сайысы 2-9 сыныптар арасында өтті әрі жеке марапатталды. Атап айтсақ, фото- сурет жарысында 1-орынды 4-сынып оқушылары алса, 2-орынды 2-сынып оқушылары алды, видео жасау сайысында 1-орынды 8-сынып оқушысы Қазтай Әлішер, 2-орынды 7-сынып оқушысы Мейрам Марлен, 3-орынды 6-сынып оқушылары Серік Ербатыр мен Хамитова Айша иеленді.