«Математика есептер патшасы»
2019 жылы 21-25 қаңтар күндері мектебімізде бастауыш сыныптар арасында математика апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру».
Апталық мынадай жоспарда құрылды:
3. «Кім тапқыр» сайыс
4. «Көп білу де өнер» видео көрсетілімдер
5. Апталықтың жабылуы.
1-күні «Математика есептер патшасы» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өтті.
2-күні: дайындық тобы - 4 сынып оқушылары арасында «Шебер қолдар » шығармашылық жұмыс жүргізілді.
3 күні: «Өткенді пысықтау»тақырыбында 4 сыныпта ашық сабақ өтті. «Кім тапқыр» атты сайыс өтті. Оқушылар 4 топта жұмыс жасады. Математика пәнінен білім деңгейлерін ортаға салды.Бұл сайыс АКТ арқылы жүргізілді.
4-күні: «Көп білу де өнер» тақырыбымен ұлы математиктер туралы видео көрсетілім көрсетілді. Оқушыларға өз білімдерін толықтыруға , пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға көп мүмкіндік берілді.
5-күн:Апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиында «Математика сырлы әлем» атты концерт ұйымдастырылды. Концерт алдында математикалық ойындар ойнатылды.
Оқушылардың бір апта ішінде математика пәнінен көптеген мағлұматтар алды, алдағы уақытта өздерінің сабақтарында пайдаланады деп ойлаймын.
Бастауыш сынып мұғалімі:А.К.Сактаганова