«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Жылымды отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Открытие недели математики

01.02.2019

Математика апталығының ашылу салтанаты

Мақсаты:Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. 

1 – жүргізуші Гүлден: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Математика есептер патшасы» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші Меруерт: Ал енді барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін егіз пәннің патшаларына сөз берейік (ортаға пән болып киінген оқушылар  шығып, тақпақтар оқиды )
Математика  Мирас 1-сынып:

Ғылымдардың патшасы атанған,
Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Орыс тілі Алидар 1-сынып

Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Қазақ тілі Ұлжан 2-сынып:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
 Әдебиеттік оқу Аязби 4-сынып

 Шабыттанып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Математика  даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Дүниетану Шерхан 3 сынып:

 Армысыңдар, апталыққа жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Математика  емей немене
Ағылшын тілі Олжас 4-сынып

Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
 Өзін-өзі тану Ерназар дайындық тобы:

Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Математика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
2 – жүргізуші Меруерт:: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!

Ән:Санамақтар дайындық тобы

1 – жүргізуші Гүлден:.Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды дей келе әнге кезек берейік

Дөңгелек, үшбұрыш.......
2 – жүргізуші Меруерт:

Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.
Тақпақтарға сөз кезегін береміз.
Ақерке:
.Шындықты алғаш таратқан,
Жыл күніңді санатқан.
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан,
Математика  емей немене?
Мейрамбек:.Үш деген сан киелі ғой қазақта,
Қарасаңшы міне осындай ғажапқа.
Үшқоңырдай жайлауы бар елімнің
Елбасындай ұл сыйлаған қазаққа! 
Мерей:Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,
Қазағым бесіктен ақ берген білім.
Ұқтырып жеті санының кереметін,
әр сөзінен дананың терген ілім.

1 – жүргізуші Гүлден:.

Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
2 – жүргізуші Меруерт:
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О - о - ой, бір қызық апта болар,
Өздеріңмен бес болар.
1 – жүргізуші Гүлден:.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған математика  апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!

Просмотров: 376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст