2022-2023 оқу жылында "Жылымды ауылының негізгі орта мектебі КММ
18 қаңтар күні "Ұшқыр ой алаңы" дебаттық қозғалысының жоспарына сәйкес 5-8 сынып оқушылар аралығында 2 топ құрылып, "Жемқорлықпен қалай күресеміз? " тақырыбында пікір-сайыс өткізілді. Бұл пікірталаста 5 - 8 сынып оқушыларынан құралған «Патриот», «Ұлан» топтары оқушылары қазіргі ахуалды тақырыпты тереңінен ашып, өз ойларын айтып, сөйлеу мәдениетін, білім шеберлігін шыңдады. Осыған байланысты, дебат қатысушылары саясатқа қатысты мәселені жан-жақты қарастырып, өз пікірлерін ортаға салды. "Патриот" тобы үкімет жағы болып, мәселенің жағымды тұстарын атаса, "Ұлан" тобы оппозиция жағы болып, мәселенің жағымсыз тұстарын атап, өз дәлелдерін ұсынды, пікірталасқа түсті, екі жақ біріне-бірі сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беріп өз ойларын дәлелдей сөйледі.