«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Жылымды отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл кеші өтті

08.01.2020

Кел, төрлет жаңа жыл Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын Жаңа жыл жер бетіндегі барша адамдар үшін ортақ мереке, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша. Жылымды негізгі мектебінде “Кел төрлет, жаңа жыл” атты жаңа жылдық шыршаөтті. Іс-шара оқушылар үшін өте қызықты және есте қаларлықтай деңгейде ұйымдастырылды. Осы жылы Жылымды негізгі мектебінде мереке ерекше болып өтті. Өткені, мерекелік іс-шараны ата-аналар ұйымдастырды. Ата-аналар 5 топқа бөлініп, өз өнерлерін көрсетті. І-топ ата-аналары ертегі, ІІ-топ ата-аналары пародия, ІІІ-топ ата-аналары би, ІV-топ ата-аналары ән, V-топ ата-аналары әзіл-сықақ дайындады. Мерекелік кешімізді Даирова Айгүл цыған биімен ашты. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі қойылды. «Алло», «Опмай-опмай» әндеріне пародия көрсетілді. «Қайырымды жігіт» әзілі ұсынылды. Жаңа жылдық әндер орындалып, балалардың көңілдерін көтерді. Мерекелік іс-шара барысында жаңа жылдық киімдерді бағалап отыратын әділ-қазылар алқасы тағайындалды. Олар: математика пәнінің мұғалімі А.Ж.Омарова, мектеп кітапханашысы М.Е.Галиева және ата-ана А.Е.Мейрамова. Кеш соңында жаңа жылдық киім киген балаларға өздеріне тиесілі орындары беріліп, сыйлықтары табыс етілді. Аяз ата мен ақшақар ата-аналар тарапынан дайындалған тәтті сыйлықтарын таратты. Балалардың барлығы көтеріңкі көңілмен үйлеріне тарқады.

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст