«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Жылымды отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз және әлеуметтік желі!

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астанаға 20 жыл

05.02.2018

Астанаға-20 жыл

Сарыарқаның төсінде

Сән беріп Есілге,

Жас қала, бас қала

Астана өсуде. 

(М.Әміреұлы)                                                                                                        

Қазақстан Республикасының астанасы «Астана қаласына»

биылғы жылы 20 жыл толуда. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл

өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке.

Астана

қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы

қатал, жазы ыстық болады. Астана

– болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар өте көп. Қала төрінде алып

«Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін

салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев. «Бәйтерек» жобасының

авторы – ағылшын архитекторы   Норман Фостер. Құрылыстың биіктігі

 97 метрді құрайды . 97 саны кездейсоқ емес, ол Астананың Алматыдан

Астанаға ауысуын білдіреді.  Шарымен біріктіргенде — 105 метр.

 Алтындатылған шардың көлемі –  22 метр. Бәйтеректің төменгі бөлігі

төрт жарым метрі жердің астына кеткен. Онда кафе, 

аквариумдер,  «Бәйтерек» кіші галереясы

бар. Келген қонақтарға  экскурсиялар

қазақ, орыс және шет тілдерінде өткізіледі. 200 мертдей кешен 

«Бейбітшілік және келісім сарайының» желісін жалғастыратын сауда және

ойын-сауық орталығы. Ол қаланың зәулім доминантына айналды. Қазақ Астанасының

жаңа нышаны «Хан шатыр» әлемдегі шатыр түріндегі құрлыстардың ең орасан зоры

болып саналады. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы

100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астанада

әлем деңгейңндегі ойын-сауық және сауда –саттықты біріктірген, алғашқы орталық

болып саналады. Осыған ұқсас Астана қаласының қаншама ғимараттары бар.                                    

Керемет көріністерді

ЭКСПО-2017 көрмесінде әлемге паш етіп, мемлекет есігін айқара аштық. Жан-

жақтан келген қонақтар ризашылықтарын білдірді.Астана іскерлік және мәдени

орталыққа айналды. Астана қаласы – жаңа Қазақстанның

белгісі.


Просмотров: 357

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст