3 сынып. Математика. Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: 6-ға көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың көбейту және бөлу кестесі туралы түсінігін қалыптастыру. 6- ға көбейту мен бөлуді меңгерте отырып ауызша көбейтуге және бөле білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,геометриялық фигура, көбейту
кестесі,таратпа кеспе қағаздар, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ –
жауап, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу: Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
«
Ғылымдар патшасы»- деп дараланып,
Математика - қызыққа тоймайтұғын.
Сыныпты екі топқа бөліп, әр
топқа ат қоямын. Бірінші топ «Алғырлар.»,
екінші топ «Тапқырлар». Екі топ өзара
жарысып, орындалған әр бір тапсырма үшін, топ қоржынына өз ұпайлары салынып
отырады яғни, асықтар салынады.
2Үй тапсырмасын сұрау Алма жинау әдісі
5-санының көбейту кестесін сұрау
Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту:”Ой толғау” әдісі.
Бұл кезеңде оқушыларға қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының компоненттерін
айтқызамын.
1.Қосу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
3+2=5 2+3=5
2.Азайту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
10-5=5 5+5=10
3.Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді? 4*5=20
4.Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді? 20/4=5
5.Көбейткіштердің орындары ауысқанымен не өзгермейді?
6. 1минутта қанша секунт бар?
7. 1 тәулікте қанша сағат бар?
8. 1 аптада қанша күн бар?
Ал, енді бүгінгі жаңа сабағымызды
бастайық.
6-ға көбейту және бөлу кестесі.
6*2=12 6+6=12
6*3=18 6+6+6=18
6*4=24 6+6+6+6=24
6*5=30 6+6+6+6+6=30
6 мен 5-тің көбейтіндісі қанша
болады? (30)
Ал, 6-ны өзіне өзін 5 рет қосқанда қанша болады?(30) демек бізге қайсысы
тиімді екен? Әрине, көбейту амалын қолданған ұтымды болады.
6-ға бөлу кестесі
36:6=6 себебі 6*6=36
42:6=7 себебі 7*6=42
48:6=8 себебі 8*6=48
54:6=9 себебі 9*6=54
Оқулықпен жұмыс.
№2.Есептерді шығар.
А6с.а.-8 кг 6х8=48
Барлығы-? кг
Жауабы:барлығы 48 кг.
Ә)54 кг-6 қ.
54:6=9
Әр қорапта-?кг Жауабы:әр
қорапта 9 кг.
Б)Әр тәрелкеге-6 алм.
Барлығы-42 алм.
42:6=7
Тәрелке-?
Жауабы:7 тәрелке
В)9тг.-6 кәмпит
Тоқаш-50 тг. 9х6+50=104
Барлығы-? тг.
Жауабы:барлығы:104 теңге.
№3.Сурет бойынша
жұмыс.
А)Үшбұрыштар-2 есе кем,шаршылар 2 есе
артық.
Ә)Үшбұрыштар-6-ы кем,шаршылар-6-ы артық.
Б)Қоян-8 8:4=2
Түлкі-4-? есе кем
Жауабы:түлкі 2 есе кем.
Кері есеп.
Түлкі-4 4х2=8
Қоян-?2 есе артық
Жауабы:8 қоян.
№4.Бірі берілгеннен 3
есе артық,ал екіншісі 3 см-ге артық екі кесінді сыз.
А________________В
4*3=12см
4+3=7см
Сергіту сәті.видео
№6.Өрнектер құрастыр.
93+127+48+32=300 93+12+48+57=210
93+27+48+82=250
93+212+48+137=490
№7.Ұсақ ақшамен
қажетті зат төлемін жаса.
195=20+10+50+5+20+10+20+50+10
Жеке жұмыс.
«Кім тез ойлайды?» ойыны. Ауызша тапсырма.
2*6=12 5*6=30
4*6=24 3*6=18
4*4=16 6*6=36
45:5=9 24:4=6
Қызығушылығын ояту. «Кубизм» ойыны.
(Оқушылардың алдына сандар жазылған кубикті тастаймын, қай сан шықса, сол
санды мен айтқан санға көбейтіп, немесе бөліп жауабын жылдам айту қажет).
1*5,4*6,5*5,4*4,3*8,6*4,
Сабақты қорыту:
Таратпа кеспе қағаздармен жұмыс жасай отырып, оқушылардың алған білімдерін
пысықтау.
6*2=12 6*6=36
6*3=18 6*7=42
6*4=24 6*8=48
6*5=30 6*9=54
Үйге тапсырма: №5 62-бет
Бағалау:
Әр топты , оқушылардың жинаған ұпай санына қарай
мадақтап бағалау.