1. Жалпы ережелер.
* Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жылымды ауылының негізгі орта мектебі" КММ. Заңды мекенжайы Жылымды ауылы, Мектеп көшесі, 20.
* Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жылымды ауылының негізгі орта мектебі" КММ 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы негізгі орта білім беру ұйымы 11 мемлекеттік қызмет көрсетті:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-11;
- қағаз нұсқасында көрсетілген -0;
- электронды нұсқада көрсетілген-11.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
* Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0042.zerenda.aqmoedu.kz/ білім беру ұйымының "мемлекеттік қызметтер" бөлімінде, Instagram желісінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, «Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
* Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау «Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» КММ сайтында, интернет-ресурстарда, жүзеге асырылады.
* Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2025 жылы «Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» КММ Instagram желісінде тікелей эфир жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
* Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
«Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» КММ қызметкері мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтпеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
* Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы «Жылымды ауылының негізгі орта мектебі» КММ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
* Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету ретінде бұзушылықтар болған жоқ.
* Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2026 жылы «Жылымды ауылының негізгі орта білім беретін мектебі» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.
Директор А.М.Есжановна